Аймақ

Қостанайда «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтті

29 сәуір күні Қостанай қаласында «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтті.

1

Ауқымды шара «Жастар сарайы» мен Индустриялық аймақ аумағында ұйымдастырылып, таңғы 9:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасып, 10 000-нан астам тұрғындар мен қала қонақтарын бір алаңға жинады.

1

Фестивальдің құрметті спикерлері қатарында Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты, оңтүстіккореялық дипломат Рае Квон Чунг, белгілі ғалым, профессор Асқар Жұмаділдаев, «KIA QAZAQSTAN» компаниясының бас директоры Ким Де Ки, FreedomCloud компаниясының CEO-сы Темирлан Зиналабдин, сондай-ақ Габит Бекахметов болды. Олар инновация, технология және жасанды интеллекттің дамуы жөнінде өз ойларымен бөлісті.

1
1

Қатысушылар интерактивті көрмелерді, робототехника, VR/AI аймақтарымен танысып, ғылыми шоулар мен шеберлік сабақтарын тамашалады. Сонымен қатар, фестиваль сахнасында танымал блогерлер мен өнер жұлдыздары өнер көрсетіп, шараның көркін қыздырды.

1

«QOSTANAI TECH» фестивалі ғылым мен технологияны дәріптеп, жастар мен қоғамға жаңа мүмкіндіктер мен тың идеялар сыйлаған маңызды оқиға ретінде есте қалды.

Тегтер: Қостанай
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз