Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:05, 31 Қаңтар 2024

Қостанайда такси жүргізушісіне жала жапқан әйел айыппұл арқалады

Қостанай
Фото: из открытых источников

"Мені зорламақ болды" деп такси жүргізушісінің үстінен арыз жазған әйел айыппұл арқалады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Әлеуметтік желіде таксиде отырып, жан ұшыра айқайлаған әйел полицияға хабарласып, оны зорламақ болғанын айтқан. Алайда полицияның мәліметінше, әйелдің жазықсыз жүргізушіге жала жауып жатқаны әшкере болған.

"Қол жүгіртті" деп құзырлы органға жалған қоңырау шалғаны үшін жауапқа тартылған қостанайлық тұрғын 30 АЕК көлемінде айыппұл арқаламақ. Айыппұл сомасы 110 760 теңгені құрайды.