Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:08, 26 Ақпан 2024

Костенко шахтасында қаза болған кеншілердің жақындары президентке үндеу жолдады

Костенко
Фото: из открытых источников

Костенко шахтасында қаза болған кеншілердің жақындары ескерткішке қатысты өтінішпен президентке үндеу жолдады. Олардың бас көтеруіне марқұмдардың құрметіне арналған ескерткіштің орыны себеп болған. 

Кеншілердің жақындары мемориалдың қайғылы жағдай болған шахтада емес, Қарағандыда орнатылғанын қалайды.

"46 отбасы сүйікті әрі қымбат жақынынан айырылып отыр. Жарылыс дұрыс ұйымдастырылмаған жұмыс барысы мен салғырт қауіпсіздік шараларының кесірінен болды. Тергеу шаралары мұны 100 пайыз растап отыр. Азаматтарымызды қайтара алмаймыз. Алайда олардың ерлікпен қаза табуына байланысты ескерткіш орнатылса дейміз. Болашақта балаларымыз, немерелеріміз басына барып, құрметпен еске алса деймыз. Біздің өңірде әр түрлі шахталарда орнатылған ескерткіштер бар. Бірақ шахта жұмысын тоқтатқан кезде олар да қараусыз қалды. Сондықтан ескерткіш жақындарымыз қаза болған жерде емес, кеншілердің қаласы Қарағандының ортасында орнатылса дейміз. Осы өтінішке қолдау көрсетіп, ескерткіштің орнатылуын қадағалай отырып, тездетуін сұраймыз”, – дейді марқұмдардың бірінің жақыны.