Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:38, 12 Қаңтар 2024

Костенко шахтасында көмір өндіруге тыйым салынды

шахта
Фото: из открытых источников

Qarmet компаниясы апат болған шахтаның жай-күйімен танысып, апаттың алдын алу мақсатында көмір өндіруге тыйым салды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Шахта директоры Андрей Бойко нысанда жүргізілген тексерулердің қорытындыларын, болған жағдайдың себептері мен салдарын жою бойынша жоспарланған жұмыстарды, көмір өндіруді қайта жандандырудың келешегі туралы баяндады.

«Андрей Лаврентьев пен Вадим Басиннің атынан Qarmet басшылығы жүргізіліп жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдірді. Алайда трагедияның қайталану ықтималдығы әбден жойылғанға дейін шахтада өндірісті қайта бастауға тыйым салынды. Көмір департаментінің инженерлері үшін тиісті жұмысты орындауға барлық қажетті жағдай жасалып отырғандығын басшылық тарапы атап өтті», - делінген хабардамада.