Әлеумет

Кремль дрондардың Қазақстан аумағынан ұшырылу ықтималдығына қатысты сұраққа жауап берді

Кремль Ресейдің Орал аймағына шабуыл жасаған украиналық ұдрондардың қай жерден ұшырылуы мүмкін екендігіне қатысты пікір білдірді.

Дрон

Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистердің «дрондар Қазақстан аумағынан ұшырылуы мүмкін бе?» деген сұрағына жауап бере отырып, бұл мәселені Ресей әскерилеріне бағыттады.

«Бұл біздің арнайы қызметтеріміздің, ең алдымен әскерилердің құзыреті. Қауіптің көзін, географиясын және осыған байланысты қабылдануы тиіс шараларды дәл солар анықтайды», - деді Песков.

Бұл тақырып Қазақстанмен жоғары деңгейде талқыланып жатыр ма деген нақтылаушы сұраққа да Кремль өкілі тікелей жауап берген жоқ.

«Мен білмеймін, бұл — біздің әскерилерден сұрау керек детальдар», - деп қысқа қайырды ол.

Осылайша, Кремль Оралдағы шабуылдың Қазақстан аумағымен байланысы болуы мүмкін деген нұсқаны растаған да, теріске шығарған да жоқ.

Бұған дейін Свердлов облысының губернаторы Денис Паслер 25 сәуірде Екатеринбургке БПЛА шабуылы жасалғанын хабарлаған болатын. Оның дерегінше, қалада тұрғын үй зақымданып, 50 адам эвакуацияланған.

Дрондардың нақты қай жерден ұшырылғаны туралы ақпарат ресми түрде жарияланған жоқ.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз