Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:36, 30 Сәуір 2024

Құлыбаев иелік ететін фирмаға 1 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды

d
Фото: из открытых источников

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Тимур Құлыбаев иелік ететін Атыраудағы «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-не 1 миллиард теңгеден астам айыппұл салды.

Бұған дейін агенттіктің Атырау облысы бойынша департаменті аталған серіктестік қызметіне тергеу жүргізген.

Нәтижесінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеу арқылы сұйытылған мұнай газы нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдаланудан тұратын бәсекелестікті қорғау туралы Заңнаманы бұзу анықталды.

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты 2024 жылғы 5 наурыздағы шешімімен Серіктестікті әкімшілік жауапкершілікке тартты. 955 млн теңгеден астам көлемде монополиялық табыс тәркіленді және 162 млн теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды. Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының апелляциялық сатысы Серіктестіктің шағымын қабылдамай, бірінші сатыдағы шешімді растады, делінген хабарламада.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Айта кетейік, аталған серіктестік «AНПЗ» ЖШС өндіретін әлеуметтік газды Атырау қаласы мен Атырау облысының көтерме және бөлшек тұтынушыларына жеткізу бойынша уәкілетті оператор қызметін атқарады.

Фото: olympic.kz