Құлыбаевтың мұнай компаниясына 1,7 миллиард теңге айыппұл салынды
«Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-нің 50 пайызын сатып алу кезінде ерекше шарттарды бұзғаны үшін «Joint Technologies» ЖШС айыппұл салынды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Атырау облысының прокуратурасы облыс экономикасын монополиясыздандыру жұмыстарын жалғастыруда. Ведомствоның мәліметінше, «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС әлеуметтік газбен жабдықтау операторы. Ол Атырау мұнай өңдеу зауытында өндіріледі. Сұйытылған мұнай газы Атырау қаласы мен Атырау облысының көтерме және бөлшек тұтынушыларына реттелетін бағамен сатылады.
Тимур Құлыбаев 2021 жылы компания аукционда «Joint Technologies» ЖШС-не сатылған кезде 50% акцияның иесі атанды. Қанды қаңтар оқиғасынан кейін сұйытылған мұнай газын сақтау паркіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
«ЖШС басшылығы 2017-2021 жылдар аралығында өзінің үстем жағдайын пайдалана отырып, сұйытылған мұнай газын қабылдау, сақтау және тиеу қызметтеріне монополиялық жоғары бағаларды белгіледі», - деп хабарлады AFM баспасөз қызметі.
Joint Technologies өзінің монополиялық жағдайын теріс пайдаланудың алдын алуға және СКГ-ны ауыстырып тиеуге, сақтауға және (немесе) жөнелтуге қосымша шарттар орнатуға міндеттелді.
«Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС 50% үлесін сатып алу-сату шарты бойынша ерекше шарттарды бұзғаны үшін «Joint Technologies» ЖШС-нен бюджетке 1,7 млрд теңге көлемінде айыппұл өндірілді. Сондай-ақ, бәсекелестікті қорғауды бұзғаны үшін сот шешімімен парк ӘҚБтК-нің 159-бабының 3-1-бөлігі бойынша 324 миллион теңге айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады прокуратура.