11:34, 30 Мамыр 2024
Құлсарыда 23 жастағы құтқарушы қаза тапты
Құлсары қаласында суды техникамен сору арқылы авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 2001 жылғы құтқарушы қаза тапты.
Бұл туралы төтенше жағдай минисрлігі хабарлады.
ТЖМ-ның хабарлауынша, 29 мамырда Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында су сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында Атырау облысы ТЖД №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі 2001 жылы туған азаматтық қорғау сержанты Бейбарыс Жалғасбайұлы Рақым қайтыс болды.
Құтқарушының неден көз жұмғаны әзірге белгісіз. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
ТЖМ қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсететінін мәлімдеді.