Аймақ

КВИ: Бір облыс қайта «қызыл аймаққа» енді, 13 адам қайтыс болды

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, Ақмола облысында санитарлық эпидемиологиялық жағдай қайта нашарлаған.

КВИ: Бір облыс қайта «қызыл аймаққа» енді, 13 адам қайтыс болды

Сол себепті бұл өңір «қызыл аймаққа» қайта енді деп хабарлайды,-«Жас Алаш»

Айта кетейік, 8 желтоқсанда елімізде 683 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР тест арқылы анықталған.

«Сары аймақта»: Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары қалып отыр.

«Жасыл аймақта»: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстары.

Сондай-ақ Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен КВИ белгілері бар пневмониядан 13 адам қайтыс болды деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

7 желтоқсандағы мәліметке сәйкес, қайтыс болған 12 адамда коронавирус инфекциясы ПТР тест арқылы расталған. Тағы бір марқұмда коронавирус анықталмағанымен, дәрігерлер оған КВИ белгісі бар пневмония диагнозын қойған.

9 желтоқсандағы жағдай бойынша, елімізде 22 353 адам коронавирустан емделіп жатыр (19 371 КВИ+ және 2 982 КВИ-). Олардың ішінде 4 404 науқас стационарда ем қабылдаса, 17 949 науқас амбулаторлық ем алып жатыр.

КВИ+ және КВИ- жұқтырғандар арасында:

  • 349 науқас ауыр халде;
  • 85 науқас аса ауыр халде;
  • 60 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.
Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз