Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:19, 26 Наурыз 2024

Лаңкестікпен күрес ынтымақтастықтың күн тәртібінде бірінші орында тұруы қажет

1
Фото:

Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев беделді америкалық сенатор Стив Дэйнспен кездесуі барысында халықаралық терроризмге қарсы күресте жаһандық ынтымақтастық орнатуда Ресейді қолдайтынын тағы бір рет атап өтті.

Мәскеу маңындағы жан түршігерлік оқиғалар лаңкестіктің трансұлттанғандығының дәлелі болып, бұл құбылыспен күресуде елдердің күш-жігерін біріктіру қажеттігін тағы бір мәрте көрсетеді.

 
Терроризмнің ұлттық немесе географиялық шекаралары жоқ, көптеген елдер мен олардың азаматтарының қауіпсіздігіне қауіп төндіруде. Экономика және бейбітшілік институтының (IEP) Жаһандық терроризм индексі есебіне сәйкес, соңғы жылдарда жағдай нашарлап барады.

 
Лаңкестікпен күрес көпжақты ынтымақтастықтың күн тәртібінде бірінші орында тұруы қажет. Қазіргі геосаяси жағдайдағы қайшылықтарға қарамастан, халықаралық қауымдастық лаңкестікке қарсы тұру үшін кең ауқымды коалиция аясында бар күш-жігерін салуы керек.
Қазақстанның ұстанымы дәстүрлі түрде халықаралық терроризмге қарсы күресте халықаралық күш-жігерді біріктіруге бағытталған. Терроризмнің деструктивті идеологиясына ұлтаралық және конфессияаралық мәселелерді шешудегі әлемдік тәжірибені пайдалана отырып, толеранттылық пен өзара келісім идеяларын қарсы қою қажет.

Бекжан Садықов, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ еуропалық және америкалық зерттеулер бөлімінің басшысы

Тегтер: