Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:15, 09 Ақпан 2024

Алматыда лай көшкінен қаза тапқан отбасы туралы әкесі тың мәліметтер айтты

Алматы лай көшкіні
Фото: ТЖД Алматы

Алматыда лай көшкіні кезінде қаза тапқан жігіттің әкесі ұлының қауіпті жерде өмір сүргенін айтты.

Николай Омаров 8 ақпанға қараған түні отбасымен бірге қаза тапқан Ілияс есімді азаматтың әкесі. Әкесінің айтуынша ұлы Ольгаға он шақты жыл бұрын үйлен. Әйелінің үш ұлы - Дмитрий, Денис және Сергейге өгей әке болып әкесінің орнын жоқтатпаған.

"Екеуі ажырамас еді, олар үнемі бірге демалыста да бірге жүретін. Ұлым балаларды өсірді,  қарым-қатынастары керемет еді", - дейді Николай Омаров.

Ол баласының өзі тұрып жатқан үйдің маңайындағы беткейді игеру мәселесі бойынша бұған дейін де арызданғанын, бірақ оның өтінішіне сай ешқандай әрекет жасалмағанын айтады.

"Олар өте жақсы адамдар еді, тым жақсы, қазір ондай аз. Әрине, отбасының шығыны болады, көмек артық болмайды. Біз отбасымызбен кеңесіп, марқұмдармен қалай қоштасу керегін шешеміз», - дейді ол көзіне жас алып.

Айта кетейік, ақпанның 7-нен 8-іне қараған түні Алматыда екі үйді лай көшкіні басып қалды. Үйлердің бірі толығымен қирады. Үйінді астында төрт адамнан тұратын бір отбасы - Ілияс пен оның әйелі және оның екі ұлы қаза тапты.