Оқиғалар

Іле-Алатау ұлттық паркінде тастарға сурет салған жасөспірімдер анықталды

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жасөспірімдер Бұтақты шатқалындағы сарқырама маңындағы тастарды бүлдіріп кеткен.

Іле-Алатау ұлттық паркі

Табиғи аумақтағы тастарға граффити салғандардың әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Кейін құқық бұзушылардың кім екені анықталды. Олар өздерін Gemini Education білім беру орталығының оқушылары ретінде таныстырған.

Қоршаған ортаны қорғау ережелерін бұзған жасөспірімдермен түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Бұдан кейін оларға арнайы щеткалар таратылып, парк аумағын тазалау ұйымдастырылды.

Нәтижесінде жасөспірімдер сарқырама маңындағы тастарға салынған граффитилерді толықтай өшіріп, табиғи нысанды бастапқы қалпына келтірген.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз