Без Категории

Леңгір мектебінде белгісіз заттан уланған сегіз оқушы ауруханада жатыр

Түркістан облысы Төле би ауданы Леңгір қаласындағы №7 мектеп-лицейінде белгісіз заттан уланып, ауруханаға түскен 8 оқушының екеуі жан сақтау бөлімінде жатыр.

Леңгір мектебінде белгісіз заттан уланған сегіз оқушы ауруханада жатыр

Бұл туралы 13 қыркүйек күні Азаттыққа облыстық білім басқармасы хабарлады.

Білім басқармасының мәліметінше, 12 қыркүйек күні таңертеңгі сағат 11 шамасында мектеп-лицейдегі үзіліс кезінде фойеде адамдар жүрген кезде 10 сынып оқушысы мектепке өзі әкелген бүріккіштен белгісіз затты шашқан. Сол маңда жүрген 23 оқушы мен 2 мұғалім және мектептің тағы бір қызметкері улану белгісімен Төле би аудандық ауруханасына жеткізілген.

"Уланғандардың көбі алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне қайтты. 8 оқушы ем қабылдау үшін ауруханада қалды. Олардың екеуі – жан сақтау бөлімінде жатыр" деп хабарлады білім басқармасы.

8 оқушының ауруханада ем қабылдап жатқанын облыстық денсаулық сақтау басқармасы да растады. Мектептегі оқиғаға байланысты тексеру жүріп жатыр.

AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз