Ливанда қазақ сарбаздары миллионға жуық айлық алады
2019 жылдың сәуір айының соңында тағы да бір топ қазақ сарбаздары Ливанға аттанады.
Десантшылар жат елде алты ай әскери борышын өтейді. Қазір сарбаздар Алматы облысындағы Іле полигонында оқу-жаттығу өткізіп жатыр. Былтыр қазан айында Ливанға 120 әскеріміз аттанған болатын.«Бүгінде қызметтестеріңіз Ливан Республикасында бітімгершілік миссияларын лайықты түрде орындауда. Бұл мемлекеттік маңызды іс. Себебі, әлем қоғамдастығы алдында Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерді орындауы болып табылады. Бітімгершілік миссияға қатыса отырып, Сіздер халықаралық аренада Қазақстан Республикасының намысын қорғайтыңдарыңызды естен шығармаңыздар. Алған білімдеріңіз бен жауынгерлік машықтарыңыз әртүрлі стандарттық емес жағдайларда блок-бекетке жасалған шабуылға тойтарыс беру кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді», – деді ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ Алматы телеарнасының тілшісіне.Бітімгерлік батальонының жауынгерлері соғысқа қатыспайды, бейбіт келісімнің орындалуын бақылап, БҰҰ-ның бітімгершілік саясатын жүргізуге жәрдемдеседі. Жергілікті халыққа көмектесіп, әскери базаларды күзетеді.Ливанға барлық сарбаздар бара бермейді. Қатаң іріктеуден өтеді. Және ағылшын тілін білу шарт. Әр жауынгер 1 миллионға жуық айлық алады. Ал Қазақстанда ондай ақша алмасы белгілі. Бітімгер сарбазға айына Қазақстан 300 мың теңге айлық төлейді. БҰҰ-ның тарапынан айына 1400 АҚШ доллары қарастырылған. Сондай-ақ, күніне екі доллар беріледі екен. Фото: sputniknews.kz