Лондонда Сауд Арабиясының 29 жастағы ханзадасы өлі күйінде табылды
Сауд Арабиясы король әулетінің мүшесі, 29 жастағы ханзада Абдулла бин Фахад бин Абдулла бин Абдулазиз бин Джалави әл-Сауд Лондондағы қонақүй бөлмесінде қайтыс болған күйінде табылды.
Ұлыбританияның The Telegraph басылымының мәліметінше, оның денесі 2025 жылдың 25 қарашасында Лондонның Кенсингтон ауданындағы Marriott қонақүйінің жуынатын бөлмесінен табылған. Алайда бұл ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында енді ғана жарияланды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, ханзаданың қанындағы алкоголь мөлшері көлік жүргізушілері үшін рұқсат етілген деңгейден шамамен үш есе жоғары болған. Сонымен қатар ағзасынан гамма-гидроксибутират (GHB), каннабис және ксанакс препараттарының іздері анықталған.
Мамандардың мәліметінше, ханзадада созылмалы аурулар болмаған. Өлімге алкоголь мен есірткі заттарының өзара әсерінен туындаған жүрек қызметінің тоқтауы себеп болған.
Белгілі болғандай, қайғылы оқиғадан үш ай бұрын ол Лондондағы жекеменшік клиникалардың бірінде ем қабылдап, алкоголь мен есірткіге тәуелділіктен арылу курсынан өткен.