Лос-Анджелес маңындағы алапат өрттен 30 мың адам шұғыл эвакуацияланды
Тез тараған өрт Тынық мұхитының Пасифик-Палисейдс жағалау аймағын шарпыды, бұл шамамен 30 000 тұрғынды шұғыл эвакуациялауға мәжбүр етті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Өрттің ауданы 1182 гектарды құрады. Салдарынан тұрғын үйлер қирап, аумақтың басым бөлігін қатты түтін басқан. 30 мыңға жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Reuters жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасап. Тұрғындар өрттің кенеттен және найзағайдай тез таралып, дүрбелең болғанын айтады. Жолдарда көлік кептелісі болды, екі жағы жалынға оранған тас жолда көліктерін тастап, өрт орнынан жаяу қашып кетті.
Лос-Анджелес өрт сөндіру қызметінің басшысы Кристин Кроулидің айтуынша, бейберекет эвакуацияға қарамастан, әзірге қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге жүздеген өрт сөндіруші мен ұшақ жұмылдырылды. Кроулидің айтуынша, 10 300-ден астам үй шаруашылығы мен 13 200 тұрғын емес құрылыс өрт қаупі төніп тұр.
NBC News хабарлағандай, эвакуация аймағына басқалармен қатар АҚШ вице-президенті Камала Харристің резиденциясы кіреді. Сонымен қатар, сәнді Pacific Palisades төңірегінде Голливуд жұлдыздары мен басқа да атақты адамдар тұрады.