Макрон Еуропа Ресеймен тіл табысып өмір сүру ережелерін ойластыруы керек деп есептейді
Франция президенті Эммануэль Макрон Мюнхен қауіпсіздік конференциясында сөйлеген сөзінде Украинадағы соғыстың аяқталуы Мәскеудің “агрессивтік” саясатын өзгертпейтінін айтып, Еуропа Ресеймен бірге өмір сүрудің болашақ ережелерін ойластыруы тиіс екенін мәлімдеді.
Макрон Ресей президенті Владимир Путиннің 2007 жылы Мюнхен конференциясында жасаған сөзін еске салды. Ол кезде Путин СССР ыдырағанға дейінгі доктринаны қалпына келтіруге тырысқанын атап өтті. “Сонда біз бәріміз ‘жоқ’ деп жауап бердік. Украинаға жасалған қайырымсыз шабуылға да дәл солай жауап бердік,” — деді Макрон.
Президенттің айтуынша, Украинадағы соғыс Еуропа үшін басты сынақ болып отыр. Ол соғысты Ресей билігінің “әскери сәтсіздігі” деп бағалады.
Макрон пікірінше, Украинадағы соғысты тоқтату үшін Ресейдің талаптарына бағыну емес, керісінше оларға қысымды күшейту қажет.