Саясат

Мамин мен Мәсімов кластастар

Үкімет басшысының міндетін атқарушы Асқар МАМИН жайлы Жас Алаш көп айтыла бермейтін мәліметтерді ұсынуды жөн санайды.

Мамин мен Мәсімов кластастар
Асқар Мамин 1965 жылы Астанада дүниеге келген. Ол №1 Киров атындағы элиталық мектепте оқыған. 1972 жылы осы мектептің табалдырығын аттаған бала Мамин болашақ саяси элита қатарында бірге жүрер досын кезіктіреді. Ол – Карим МӘСІМОВ. Қазақстан Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің басшысымен Асқар Ұзақбайұлы отбасымен араласады.Айтпақшы, қос сыныптас бір кездегі президент әкімшілігінің жетекшісі Қайрат КЕЛІМБЕТОВТЫ ертіп Астанадағы «Chocolat»  клубына барған. Бұл туралы WikiLeaks сайты жазған еді. Үш лауазымды шенді орта жастағы үш әйлмен барған. «Chocolat»  Астанадағы элиталық клуб болып есептеледі. Ашық дерек көздердің жазуынша, ол жерде жеңілтек қыздар көп жүреді. 2013 жылы сол клубтың бір қызметкері есірткімен ұсталып шу болған.Біздің кейіпкеріміздің қайын атасы совет кезінде билікте болған шенділердің қатарынан. Қасым ТӘУКЕНОВ Ерейментау, Атбасар ауданының партия комитеттерінің 1-хатшысы (1973 – 85), Целиноград облысы атқару комитеттерінің төрағасы (1985 – 1989), Қазақстан Компартиясы Көкшетау облысы комитетінің 1- хатшысы (1985 – 1990) болып қызмет жасаған. Асқар ҰЗАҚБАЙҰЛЫНЫҢ қайын атасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВПЕН бірге еңбек еткен.Қазір Асқар Ұзақбайұлы мен Алтынай ҚАСЫМҚЫЗЫ Данияр, Динара есімді балаларын тәрбиелеуде.Фото: railways.kz  
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз