МӘМС қаражаты есебінен стоматологиялық көмекті кімдер ала алады?
Медициналық сақтандыру қоры стоматологиялық көмек бойынша халықтың көкейіндегі сұраққа жауап берді, деп жазды Zhasalash.kz.
МӘМС қаражаты есебінен кім көмек ала алады?
Қордың хабарлауынша, жоспарлы және шұғыл түрде 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге көмек көрсетіледі.
Шұғыл тәртіппен азаматтардың жекелеген санаттарына: ҰОС ардагерлеріне; 1, 2, 3 топтағы мүгедектігі бар адамдарға, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға,жасына байланысты зейнеткерлерге, жұқпалы, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар және айналасындағыларға қауіп төндіретін пациенттерге, мүгедек балаға күтім жасауды және бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдарға, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа"алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға көмек көрсетіледі, - делінген хабарламада.
Жоспарлы стоматологиялық көмекке не кіреді?
Жоспарлы стоматологиялық көмек - бұл ауыз қуысының, тістің және қызыл иектің денсаулығын сақтау үшін хирургиялық емдеу. Атап айтқанда, тұрақты тексерулер, профилактикалық процедуралар, кариесті емдеу, тасты кетіру және басқа да профилактикалық және емдік шаралар, тіс жұлу, химиялық қатайтылған композициялық материалдардан препараттау және пломбалау секілді қызметтер кіреді.
Жедел стоматологиялық көмекке не кіреді?
Жедел стоматологиялық көмек амбулаториялық негізде консультациялық-диагностикалық көмек түрінде де, стационарлық жағдайда да көрсетілуі мүмкін. Бұған асқынған кариес, пульпит, периодонтит, альвеолит, невралгия, неврит, стоматиттің жедел түрлерін емдеу, күрделі тісті алу, абсцессті ашу, одонтогенді кистаны алып тастау, жақсүйек буынының дислокациясын азайту, уақытша сплинтация жатады. Міндетті медициналық сақтандыру есебінен ерін мен тілдің френулумына пластикалық ота жасау да жүзеге асырылады.