Экономика

«Маңғыстауда атом электр станциясы салынады» - бұл рас па?!

Әлеуметтік желілерде Маңғыстауда Атом электр станциясын салу жоспарланғаны туралы ақпарат таратылуда.

«Маңғыстауда атом электр станциясы салынады» - бұл рас па?!

Оны өңірлік қоғамдық коммуникация орталығы жоққа шығарды,-деп хабарлайды «Жас Алаш» Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ведомствоның хабарлауынша, Маңғыстау облысында атом электр станциясын салу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ.

⁃ Президент Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке пен «Самұрық-Қазына» қорына елімізде бейбіт атомды пайдалану мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Қазіргі уақытта уәкілетті органдар бұл тапсырманы жан- жақты пысықтауда. Маңғыстау облысында атом электр станциясын салу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ, – деп хабарлады Қоғамдық коммуникация орталығы.

Демек, Атом электр станциясын салу жоспары туралы тараған ақпарат фейк болып табылады.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз