Мәсімов генерал бола салды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ ҰҚК-тің төрағасы Кәрім МӘСІМОВКЕ генерал-майор шеңін берді.
Бұл турады Жас АЛАШ президенттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.2016 жылдың 8 қыркүйегінен бері Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқаратын Кәрім ҚАЖЫМҚАНҰЛЫНЫҢ әскер қатарында болғаны туралы ашық деректерде жазылмаған.Саясаткер барлық жоғарғы лауазымды қызметтерді атқарып тастаған. Екі рет үкімет басшысы болды. Президент әкімшілігінің жетекшісі қызметін де атқарды.Сондай-ақ, бүгін генерал-майор шені қорғаныс министрі Нұрлан ЕРМЕКБАЕВҚА да берілді.Фото: tengrinews.kz