Экономика

Маусымда қазақстандықтар банктерге тағы 1,77 трлн теңге салды

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан банктеріндегі жеке және заңды тұлғалардың депозит көлемі 50,7 трлн теңгеге жетті.

банк

Маусым айындағы өсімнің басым бөлігін кәсіпкерлер қамтамасыз етті. Компаниялар банктердегі депозиттерін 945,7 млрд теңгеге ұлғайтса, жеке тұлғалар салымдарын 824,6 млрд теңгеге көбейтті. Барлық депозитті есептегенде, маусым айында ең көп қаражат тартқан банк – Halyk Bank.

Оның депозиттік базасы 598,8 млрд теңгеге өсті. Одан кейін Банк ЦентрКредит – 408,9 млрд теңге, ал Kaspi Bank – 274,3 млрд теңге көлемінде депозит тартқан. Айта кетейік, маусымдағы депозит өсімі мамырмен салыстырғанда екі еседен көп болды.

Мамыр айында қазақстандықтар банктерге 777,5 млрд теңге салған еді.

Тегтер: банк қаржы
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз