Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:35, 12 Қыркүйек 2024

Мәжіліс астана мен республикалық маңызы бар қалаларды дамыту туралы заң жобасын таныстырды

в
Фото: parlam.kz

Мәжіліс астана мен республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері туралы заң жобасы бойынша жұмысты бастады.

Бүгін Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильяновтың жетекшілігімен заң жобасының таныстырылымы өтті. Оның аясында Жер кодексіне және оған қатысты алты заңға өзгертулер енгізіледі.

Заң жобасына мынадай ережелер енгізіледі:

– жасыл аймақта ландшафттардың табиғи көрінісіне теріс әсер ететін қызметке тыйым салу;

– қолжетімді ортаны қамтамасыз ету;

– қалалардың сыртқы келбеті және қоғамдық орындарда жарнаманың жекелеген түрлеріне шектеулер белгілеу;

– астанадағы көші-қонды реттеу;

– тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы қызметке қойылатын талаптарды күшейту;

 – айыппұлды тұрақтардың қызметін реттеу және т.б.

Заң жобасын талқылау жұмыс тобында жалғасады. Оған Мәжіліс депутаты Болатбек Нәжметдинұлы жетекшілік етеді.