Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:17, 21 Маусым 2024

Меккеде қаза тапқан қажылардың саны мыңнан асты

қажы
Фото: muftyat.kz

Меккеде қажылық кезінде мыңнан астам адам қаза тапты. Бұл туралы Agence France-Presse өз есебіне сүйене отырып жазады.

Ведомствоның мәліметінше, қаза болғандардың жартысынан көбі тіркелмеген қажылар. Бұл адамдардың көпшілігі ыстықтан қайтыс болған.

Ал, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұған дейін қажылыққа барған қазақстандықтардың дін аман екенін мәлімдеген.

Ақпарат құралдарында Меккедегі аптап ыстықтан бірнеше адамның қаза тапқаны туралы хабарланған еді. Осы орайда Қазақстан қажыларының арасында қайтыс болған ешкім жоқ екенін тағы да мәлімдейміз. Сондай-ақ Қазақстан қажылық миссиясының құрамында 4 дәрігер және 16 туроператордың әрқайсында 1 дәрігерден, барлығы 20 білікті медицина маманы ем-шара жұмыстарымен айналысуда, деді ҚМДБ өкілдері.

Ал, дәрігерлер тобының жетекешісі Ардақ Айтбайұлы айтуынша, 1175 қажыға түрлі деңгейде алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

Айта кетейік, биыл елімізден 5081 қажы парыз құлшылығын өтеді. Бүгін отандастарымыздың алғашқы легі Джидда-Алматы бағытымен елге орала бастайды.

Тегтер: