Оқиғалар

Мемлекет басшысы Премьер-министр және Құрылтай төрағасымен кеңес өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша Премьер-министр және Құрылтай төрағасымен кеңес өткізді.

Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың заңды мүдделерін қорғау, жергілікті бюджеттерді бекіту және өңірлердің дамуын бақылау үшін мәслихаттардың толыққанды жұмыс істеуі маңызды екенін атап өтті.

Президент депутаттар құрамының жаңаруы жергілікті өкілді органдардың қызметін едәуір күшейтетініне сенім білдірді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 88-бабының 5-тармағына сәйкес өткізілген кеңес барысында Премьер-министр Олжас Бектенов пен Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай қаралып отырған мәселе бойынша өз ұсыныстарын айтты.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы Конституцияның негізгі ережелеріне толық сәйкес және айтылған пікірлерді ескере отырып, түпкілікті шешім қабылдайтынын жеткізді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз