Министр Атамқұлов Ауғанстанның проблемасын қалай шешуді біледі
Ауғанстанның қордаланған мәселесін оның экономикасын қалып келтіру арқылы шешу керек.
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт АТАМҚҰЛОВ парламентте өткен мәжіліс сағатында айтты. Қазақстан Ауғанстанда бейбітшілік орнату процесстеріне БҰҰ аясында араласқаны мәлім. -Біз барлық күрделі мәселелерді экономика арқылы шешуді ұсындық. Қазіргі күні қарулы қақтығыстарды тоқтатудың жаңа жолы экономиканы көтеру, — деді министр Бейбіт АТАМҚҰЛОВ. Сондай-ақ, министр қазақстандық компаниялар жұмыс жасап жатқан жобаларды тізіп шықты. -Ауғанстанда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Дәлірек айтқанша көліктік-инфрақұрылымдық желілерді жаңғырту шаралары атқарылып жатыр. Қазіргі кезде «Солтүстік-Оңтүстік» теміржолының құрылысы жүріп жатыр. «Integra» атты қазақстандық компания 43 шақырымдық учаскеге тендерді жеңіп алды, — деді министр. Жалпы Қазақстан Ауғанстанға көмек қолын аз созбайды. Ауған жастарына білім беру жобасына 50 млн. доллар бөлінген. Бұл жоба 2021 жылы аяқталады. Оған дейін Қазақстан мыңдаған дәрігерлер, инженер, мұғалімдерді даярлап шығарады. Айтпақшы, Қазақстан Өзбекстанмен бірігіп ауған әйелдерін оқыту жобасына да қатысады.Фото: sputniknews.kz