Без Категории

Митингі алдында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Елде тыйым салынған оппозициялық қозғалыстың митингісі болады деген күні Алматыда "Астана" алаңы жабылып, Қазақ-Британ техникалық университетінің маңында автозактар мен автобустар тізіліп тұрды.

Митингі алдында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Бірнеше жедел жәрдем көлігі де байқалды. Оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісінің хабарлауынша, алаңда ондаған полиция қызметкері жүр. Алаң маңындағы саябақ та күзетке алынған.

"Астана" алаңы маңындағы саябақ. Алматы, 26 қазан 2019 жыл. /> "Астана" алаңы маңындағы саябақ. Алматы, 26 қазан 2019 жыл.

Шымкентте де полиция орталықтан тысқары орналасқан "Наурыз" алаңын бақылауға алған. Оқиға орнында жеті-сегіз полиция көлігі, 20 шақты қызметкер тұр. Нұр-Сұлтан мен Ақтөбеде де қауіпсіздік шарасы күшейтілді. Нұр-Сұлтанда 26 қазанда Бейбітшілік көшесі бойындағы "Астана" концерт залы алдындағы аумақ жан-жақтан қоршалып, жерасты жолы жабылды. Мұнда полицейлер жүр, бірнеше автобус тұр.

26 қазанда Алматыда бірнеше белсенді үйлерін полиция күзетіп тұрғандықтан сыртқа шыға алмай қалғанын хабарлады. Белсенділер Сүйіндік Алдабергенов пен Ермек Қазиевті полиция үйлерінен алып кеткен. Адвокат Салауат Сәскебаевтың Азаттыққа айтуынша, Ермек Қазиевтің ұсталуына байланысты түс кезінде Бостандық аудандық ішкі істер басқармасына барған кезде адвокатты ол жаққа кіргізбей, ақпарат бермей қайтарған.

Осыған ұқсас ақпарат Қазақстанның басқа аймақтарында да тарап жатыр. 26 қазанға қараған түні Алматыда бірнеше белсендінің ұсталғаны хабарланды. Олардың телефондары өшіп тұр. Полиция жауап бермеді.

Оқи отырыңыз: Алматыда бірнеше белсендінің ұсталғаны хабарланды

Бұған дейін өзін билік оппоненті ретінде атайтын, шетелде жүрген қуғындағы бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов 26 қазанда жақтастарын көшеге шығуға шақырған. Қазақстанның бас прокуратурасы "рұқсат етілмеген митингіге қатысу заңсыз" екенін ескертіп, митингіге шыққан азаматтардың " қатаң жазаланатынын" хабарлады.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз