Әлеумет

Мұғалімдер күніне ата-аналар сыйлыққа ақша жинауы керек пе?

Мұғалімдер күні қарсаңында ата-аналардың ұстаздарға сыйлық алу үшін ақша жинауы жыл сайын талқыланатын мәселеге айналады.

ұстаз

Биыл да әлеуметтік желіде ата-аналар бұл мәселеге қатысты пікір білдірді. Бірі ақша жинау "ерікті" болғанымен, іс жүзінде міндет сияқты қабылданатынын айтса, енді бірі ұстазға шағын сыйлық ұсынуды алғыс білдірудің бір жолы деп санайды.

Ал Оқу-ағарту министрлігі мұғалімге сыйлық беру міндетті емес екенін мәлімдеді. Ведомствоның айтуынша, гүл немесе сыйлық ұсыну – ата-ананың жеке таңдауы. Мектеп әкімшілігі ата-аналарды ақша жинауға мәжбүрлемеуі тиіс.

Министрлік үшін сыйлықтың бағасынан гөрі ұстазға деген құрмет маңызды екенін атап өтті.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз