Мүгедектерді мүсіркеуден аспайтын сараң биліктен не қайыр?
Қырғызстан президентіСооронбай Жээнбеков коронавирусқа қатысты еліндегі мүмкіндігі шектеулі жандардықолдау үшін «сәтті сәрсенбі» бағытында жұмыс істеуге шақырды.
Енді Бішкектесәрсенбі күндері мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты көмек жасалады.Мемлекеттік төлем, қайырымды жандардан қолдау, медициналық қызмет түрі,дәрі-дәрмек жеткізу – барлығы Қырғыз елінде осы «сәтті сәрсенбі» бағытымен жүзеге асады.Қырғыз үкіметінің осы бір жобасы қазірбіраз бұқараны қызықтырып отыр.
Өзбекстанпрезиденті Мирзияевтің өзбек үкіметіненталап еткен әбжілдігі де қазір нәтиже бере бастады. Бұл елдің үкіметі сынсағатта шалт қимылдап, халықты барынша керекті заттарымен қамтып, өзбектердіңмүмкіндігі шектеулі жандары наурыздан бастап ерекше қамқорлықты сезініп теүлгерді. Көрші Ресей болса сын сағатта мүгедек жандарға мемлекетбелгілеген жәрдемақыға қосымша федералдық бюджеттен 12 900 рубль, облыстық бюджеттен 28 600 рубль, аудандық бюджеттен 2821 рубль көлеміндеүстемеақы төлеп тұратын болды. Қарап отырып қызығасың.
Ал біздің қоғамда нақ қазір бұқараның Мамин үкіметіне айтар базынасы бастан асады.«Жас Алашқа» хабарласқан елдегі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналардыңмұңы бізді бейжай қалдырмады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың аналары да,мүгедек жандардың өзі де «мемлекеттің қолдауын толық сезініп отырған жоқпыз»деп ашынады. Төтенше жағдайда өздерін үкіметтің елеусіз, ескерусіз қалдырғаныолардың көңілін күпті етіп отыр.
Білесіздер,осы аптаның басында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазіргіжағдайға байланысты табысынан айырылғандарға төленетін 42 500 теңгені жұмысістеп көрмеген, мүмкіндігі шектеулі жандардың ала алмайтынын кесіп айтты. Себебі олар мемлекеттен мүгедектігінебайланысты арнайы төленетін жәрдемақы алып отырғандықтан, бұл санатқа кірмейді.
Ар-ұятыоянды ма, артынша мүмкіндігі шектеулі жандарға Алматы мен Нұр-Сұлтан бойынша жергілікті бюджеттен төрт айлық есептіккөрсеткіш көлемінде, яғни 10 604 теңге шамасында екі траншпен көмеккөрсетілетіні белгілі болды. Бұған қатысты Нұр-Сұлтандағы және Алматы қаласындағы жұмыспен қамту жәнеәлеуметтік қорғау бөлімінің мамандары «төлем алушылардың шоттарына екі траншпен 4 АЕК көлемінде 10604 теңге аударылады. Бұл төлем екіге бөлініп аударылады. Алғашқыда 2 АЕК,айдың ортасында тағы 2 АЕК» деді.
Аталмыш сала мамандары мүгедектергеберілетін қаржылай көмекті осылай тізбектеп еді, бұл жағдай мүмкіндігі шектеулі жандардыңқитығына тиіп, олар «10 604 теңгемен қай жыртығымызды жамаймыз» деп ашыныпотыр. Бұл ретте мүмкіндігі шектеулі балатәрбиелеп отырған Гүлім Әбішева: «Баламның ДЦП диагнозы бар екенін барлығыңызбілесіздер. Бірақ осы уақытқа дейін қиналған кезімізде әкімдіктен бірде-бір реткөмек алып көрген жоқпыз. Төтенше жағдайда берілетін 10 604 теңге текқалада тұратындарға ғана беріледі. Біз тәрізді Алматы облысының аумағындатұратын мүмкіндігі шектеулі жандарға ондай көмек те жоқ. Өйткені облыстыңжергілікті бюджеті мұндай көмекті қарастырмаған. Менің баламның мүгедектігіүшін алатын жәрдемақысы не дәрісіне, не арнайы тамағына жеткен емес. Өзімізқұрап, халықтан көмек сұрап, әйтеуір, жан сақтап отырмыз. Бір байқағаным,мүмкіндігі шектеулі жандарға келгенде үкіметтің сараңдығы ұстайды да тұрады.Әйтпесе қаншама қыруар қаржыны өзге салаларға бөліп жатыр емес пе, осындай қиын-қыстаукезеңде сол қаржының бір бөлігін бөлсе де болады ғой», – дейді.
Гүлім Әбішеваның сөзін Алматы қаласыныңтұрғыны, ІІ топтағы мүгедек Мәлік Сабырханов та қуаттап отыр. Оның айтуынша, үкіметтіңжергілікті бюджет арқылы көмекке берген 10 мың теңгесі үш күндік тамағына дажетпейді. «Екінші топтағы мүгедектігім үшін 47 мың теңге жәрдемақы аламын. Бұлсома түкке жетпейді. Жәрдемақыны нетамағыма, не коммуналдық төлемге, не дәріме жеткізе алмаймын. Төтенше жағдайда10 мың теңге көмек бергені не мазаққылғаны?! Бұлай мүсіркемей-ақ қойсын. Үкімет бізді мүсіркеуден әрі аса алмайды.Менің көмектесетін балаларым бар. Ал өзі мүгедек, өзі жалғызілікті тұратынқаншама адам бар?! Оларға неге тиісінше көмек көрсетілмейді? Шындап келгенде,10 мың теңге үш күндік тамаққа да жетпейді. Биліктегілер өздері 10 мың теңгеніңтаңғы асын да ішпейді ғой. Шенеуніктердің тіпті бізге «бір айға күніңді көр»деп беретін 47 мың теңгеге түскі ас іше салатынын да естіп жүрміз. Бізгекелгенде сараң үкіметтен қайыр күтпейтін де болғанбыз», – дейді МәлікСабырханов.
Жалпы, деректергежүгінсек, Қазақстанда 674,2 мың мүгедек адам тұрады. Оның 417,7мыңы немесе 62 пайызы – еңбекке қабілетті жаста, 171,3 мыңы немесе 25,4 пайызы –зейнет жасында, 85,1 мыңы немесе 12,6 пайызы – 18 жасқа дейінгі балалар. Соңғыбес жылда мүгедектігі бар адамдардың саны 7,5 пайызға көбейген. Мүгедектергеберілетін жәрдемақы көлемі біздің елде 16жасқа дейін – 41 578 теңге, 1-топ – 57 021теңге, 2-топ – 47 220 теңге, 3-топ – 35 638теңге. Мүгедектерге берілетін осы жәрдемақының мардымсыз екені бұған дейін де талайайтылып келді. Ал дәл қазіргідей сын сәтте онсыз да тағдыр тәлкегіне ұшырағанжандарға 10 мың теңге көлемінде бөліп-жарып көмек беру, шынымен де, сараңдықемей немене?!
Бұған қатысты «Аман-саулық» қоғамдық қорыныңпрезиденті Бақыт Түменова «берілетін көмек жалпыға бірдей жеткілікті етіпберілуі керек» деп отыр. «Мүмкіндігі шектеулі жандардың жәрдемақысы тым аз. Олбелгілі. Тіпті мына төтенше жағдайға қатысты жалпы халыққа беріліп жатқан 42 500теңгенің өзі де мардымсыз. Қазіргідей барлығы қымбаттап тұрған кезеңде бұл өтеаз қаражат. Ал мүгедек жандарға жергілікті бюджеттен 10 604 теңге бөлудеген ұят. Мұндай нәрсені жергілікті бюджетке қаратпай, республикалық бюджеттенбарлық мұқтаж жандарға бірдей бөлінуі тиіс», –дейді Бақыт Түменова.
Жалпы,мамандар алға тартып отырғандай, қазіргідейсын сағатта үкімет мүшелерінің, үкімет басшысының ширақ қимылдауы, әлеуметтіксалаға қатысты маңызды әрі ұтымды шешімдерді жылдам қабылдай білуі қажет болыптұр. Бәлкім, біздің үкімет «әлеуметкеқатысты әлеуетті шешімдер қабылдадық» деп ойлайтын шығар. Мысалы, біз осығандейін елде қалыптасып отырған төтеншежағдайға байланысты зейнетақы мен мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін жәрдемақы 10 пайызға арттырылғанын білеміз.Бірақ мамандар мұның өзін «мұқтаж жандарды емексіту, расымен де, мүсіркеу» депотыр.
Экономист-сарапшы, «Барометр» талдау орталығыныңмаманы Айна Игенбердива былай дейді: «Зейнетақы мен жәрдемақыны 10 пайызғакөтерудің өзі тым аз. Қазіргідейинфляция кезінде халық 30 пайызғакедейленіп қалды. Осы мәселені ескерсек, мүмкіндігі шектеулі жандардыңжәрдемақысын және зейнеткердің зейнетақысын 30 пайызға дейін көтеру керек еді.Дәрі-дәрмектің, азық-түліктің барлығы қымбаттап кеткенін ескерсек, алдағыуақытта билікке дағдарысқа қатысты халыққа тиімді шешімдер қабылдауға тура келеді».
Пайымдасақ,қазір әлемді жайлаған індеттің ауыртпалығы ғана емес, экономикалық қиыншылықтарда таяу болашақта қатты сезілебастамақ. Қазір қол-аяғы балғадай азаматтардың өзі қиналып отыр. Ал мүмкіндігішектеулі жандардың басына ауыртпалық түсіп отырғаны онсыз да белгілі. Сондықтаносы арада Мамин үкіметі халыққа түсер ауыртпалықты жүрегімен сезінсе дейміз.Әлеумет мұндай жағдайда мемлекеттің қамқорлығын сезінсе ғана көңілі жайланады. Албізде үкімет мүшелері «алаңдауға негіз жоқ, мемлекет барлығына көмектеседі»дегенімен, халық толыққанды ол көмекті сезініп үлгерген жоқ. Көпшілік қауымәзірге үкімет мүшелерінің ұтымды іс-әрекетін емес, әдемі сөз сөйлеу мәнерінғана талқылап жүр.
ҚарлығашЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ