Әлеумет

Мұнай құлады, теңге теңселді, Үкімет үркіп отыр

Былтыр Асқар Мамин үкімет басшысыболғанда президент үлкен сенім білдіретінін айтқан болатын.

Мұнай құлады, теңге теңселді, Үкімет үркіп отыр

Ал қазір сын сәттесыналатын кезең туындады. Мамин сенімді ақтай ма, қандай жағдай болады?! Әлемдікнарықтағы мұнай бағасының 34 долларға құлдырап кетуі нені аңғартады? Қазақстандыне күтіп тұр? Халықаралық сарапшылар 2020 жылдың екінші жартысы әлемэкономикасы үшін жайсыз болатынын жасырмай отыр. Тіпті халықаралық Goldman Sachsинститутының мамандары «1 сәуірден бастап ОПЕК тарапынан әлемдік нарықта мұнай өндірудішектеу туралы міндеттемелер алынып тасталса, онда нарықта қара алтынның құны 20долларға дейін төмендеп кетуі мүмкін» деп отыр. Осылайша әлем даурығып кетті. Ендіалдағы уақытта жағдайқалай болмақ? Экономикамызды қорғау үшін не істелуі керек?  

     Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегіэкономикалық ахуал жөнінде едел-жедел кеңес өткізді. Мемлекет басшысыныңтапсырмасы бойынша, премьер-министрдің тікелей басшылығымен шұғыл әрекет етуштабы құрылды. Дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары әзірленеді.  Ірі кәсіпорындарда халықты жұмыспен қамтуға қолдаукөрсету жөнінде арнайы жоспар дайындалады.  Алдағы уақытта үкімет 2020-22 жылдарға арналғанреспубликалық бюджетті нақтылау жөнінде ұсыныс енгізеді.  Мемлекет басшысыбюджет шығындарын қысқарту, өңірлерде халықты жұмыспен қамтамасыз ету, еліміздіңқаржы-валюталық нарығын тұрақтандыру, республикалық және жергілікті  бюджеттерді оңтайландыру бойынша шаралар қабылдау қажеттігін айтты.

    Жалпы, біз ұлттық валюта бағамын әлемдікнарықтағы мұнай бағасымен байланыстырамыз. Бірақ мамандардың пайымынша,  теңгенің теңселуіне тек мұнай ғана емес, әсеретіп отырған басқа да сыртқы фактор баршылық. Бұл ретте экономист-сарапшы ТоғжанШаяхметова: «1993 жылдан бері теңгені ішкі-сыртқы факторлардан қорғай алмайкелеміз. Теңге 25 жылда 75 пайызға құнсызданған», – деді.

    Экономист-сарапшының сөзінше,макроэкономикалық жағдайымыз көбінесе сыртқа факторға тәуелді болғандықтан, бізосындай көрсеткішпен бетпе-бет келіп отырмыз. «Қазір мұнай ғана емес, басқа дашикізаттың бағасы төмендеп жатыр. Бұған қоса, Қазақстанмен сауда-әріптестікорнатып отырған елдердің де валюталары құлдырап жатыр. Ресей рублі, Қытайдыңюаны әлсіреді. Елдегі эпидемия салдарынан Қытай экономикасы да шайқалды. Батыспен Ресей арасындағы салқындық, АҚШ пен Қытайдың қабақ шытысуы әлемэкономикасына әсер етпей қоймады. Сондықтан қазір Қазақстан ғана емес, бірқатардамыған елдер де абдырап қалды», – деді Тоғжан Шаяхметова.

     Маман алға тартып отырғандай,  бұған қоса, АҚШ-тың федералдық резерв жүйесісаясатын өзгертіп жатыр. АҚШ федералдық жүйесі бүгінде өзге елдерге берілетіннесие мөлшерін 0,25 пайыздан 0,50 пайызға дейін көтерді. Мұны АҚШ долларды күшейтуүшін жасап отыр. Ал доллардың күшеюі сыртқы қарызды доллармен алатынмемлекеттер үшін өте тиімсіз. Сондай-ақ АҚШ банктері АҚШ экономикасынаинвестиция салғысы келетін инвесторларға жеңілдікпен несие беруді мықтап қолғаалды. «Мұндай мүмкіндікті жіберіп алмауға тырысатын инвесторлар да ендігікезекте Америка нарығына қаржы салуға жұмыла бастайды. Бұл үрдіс шикізатқабайланған біраз елді алаңдатуда. Мұнайдан айрықша түсім көріп отырған, осы уақытқадейін ұлттық валютасы ешқашан сыр бермеген Сауд Арабиясының өзі қазір ойланабастады.  Бұл арада алып елдер сыртқыфакторлардан қорғана бастағанда, біз үшін теңгені теңселтпей ұстап тұру өте қиын»,– дейді экономист-ғалым  ЖұмаділдаБаяхметов.

    Экономист-ғалымның пікірінше,  қазір Ресейдің экономикасы аса мәз емес. Ресейрублі де арзандап, құнсызданып жатыр. Рубль құнсызданса, оның артынан теңгеереді. «Ресей мен Қазақстан экономикасы тығыз байланысты. Рублі құнсызданып,экономикасы дағдарып,  сансырап отырғанРесей ендігі кезекте Еуразия экономика одағы аясындағы елдерге салмақ салабастайды», – дейді экономист-ғалым.

    Маманның пайымдауынша,  алдағы уақытта орыстар тауарын Қазақстан менБеларусьқа тықпалауға кіріседі. Еуразия экономика одағы аясындағы салық жүйесінеде өзгеріс енуі мүмкін. Бұлай бола қалса, біз үшін алтын-валюта қорындағы қаржынытеңге бағамын тежеп ұстауға жұмсау тиімсіз. Керісінше, бұл қаржыны отандық өндірістіжандандыруға бөлген әлдеқайда пайдалы. Бұған қатысты маман: «Отандық өндірушілергеқолдау көрсетпесек, девальвациядан көз ашпаймыз. Нақ осы қалпымызда отандық өндірістімарғау қалыптан шығара алмасақ, жыл сайын теңге құлдырап, бір доллар осы жылдыңаяғына дейін 450 теңгеге барып қалуы да ғажап емес», – дейді.

     Экономист-ғалымның айтуынша, тек  өткен жылы ғана  мұнай бағамыныңтөмендеуіне байланысты алтын-валюта қорынан қаржы алып, ұлттық валюталарынқолдаған  Сауд Арабиясы мен Ресей 2017 жылдан бері әжептеуір шығын көріпотыр.  

    «Бізді алпауыт елдердің экономикасының теңселгені ойлантуы тиіс. Ұлттық экономиканыңтынысын ашу үшін нақты мемлекеттік шара қолданған жөн», – дейді мамандар. Осылайша,мамандар алға тартып отырғандай, мұнайдың бағасы бұрынғыдай болмайды. 2020 жылыәлемдік нарықтағы мұнай бағасының бір баррелі 30 доллар көлемінде қалуы әбден мүмкін.

      «Мұнайға сеніп отыратын уақыт өтті. Жаңамұнай кен орындарының көптеп ашылуы әлемдік нарықтағы шикі мұнайдың көбеюінеалып келді. Қазір АҚШ тақтатас мұнайын өндіруге көшті. АҚШ  күніне 1 млнбаррель мұнай өндіретін жағдайға жетті. Соның арқасында Сауд Арабиясын ығыстырып,әлемдегі ең ірі мұнай өңдеуші елге айналды. Осылайша ОПЕК-ке мүше елдер менРесейдің мұнайына АҚШ-тың тақтатас мұнайы қосылып, нарықта мұнай көбейді. Бәсекекөбейіп, тұтынушыға талас басталды да, мұнайдың бағасы төмендеді. Алдағы уақыттада мұнайдың бағасы төмендей береді. Бұл экономикасы мұнайға байланған елдер үшінқуантарлық жағдай емес», – дейді отандық экономист-ғалымдар.

    Жалпы, мамандар Ресейдің экономикасы қалыптыболуы үшін әлемдік нарықтағы мұнай бағасы 70 доллардан төмендемеуі керек екеніналға тартты.  Ал 70 доллардан төмендегенжағдайда Ресей бюджетінің дефициті 1,5 пайызды құрайды. Қазір мұнай бағасы 30-35доллардан екенін ескерсек, Ресей бюджетінің тапшылығы алқымнан алып тұрғанын білуқиынға соқпайды.

     Қазақстанға да мұнай бағасының толқып тұрғанытиімсіз екенін мойындау керек. Бұл туралы экономист-сарапшы Тоғжан Шаяхметова:«Жалпы, мұнай бағамына қатысты ұзақ мерзімге болжам жасау қиын. Бірақ қазір мұнайөндірудің жаңа технологиялары пайда болып, тіпті әлемдік ғылымдананоматериалдарды синтездеу арқылы көмір мен ағаштан мұнай алу тәсілі жетіліпкеледі. Осыған қарап болашақта мұнайдың бағасы бұрынғыдай қымбаттайды деп айту қиын»,– деді.

     Мұндайфакторларды ескерсек, болашақта Қазақстанмен  тығыз экономикалық байланысорнатып отырған Ресей экономикасының да жағдайы аса мәз болмайтынын аңғарамыз.  Экономикасы Ресейге байланған ел ретінде Қазақстанғада қиын болады. «Рубль мен теңге жұбында қазір құнсыздану орын алып отыр. Аталғансыртқы факторлардан теңгені және ұлттық экономиканы отандық өнім өндірушілерді қолдауғана құтқарады. Осы уақытқа дейін біз отандық өнім өндіру саласына мәнбермедік. Енді зардабы сезіле бастады», – дейді сарапшы Тоғжан Шаяхметова.

     Мамандар алға тартып отырғандай, сыртқыфакторлар өз алдына, ішкі нарықта теңгенің беделіне күмән келтіру көп. Бір ғанамысал, қазір ішкі нарықта банктердегі депозиттерін долларға ауыстырып, ұзақмерзімдідепозитті тек доллармен сақтау жағы басым. Бұл туралы экономист Дәурен Арын:«Теңге құлдырай бастаса бітті – халық жаппай теңгедегі жинағын  долларғаайырбастай бастайды. Қарапайым адамдар осылай жасаса ұтамыз деп ойлайды. Енді қараңыз,бізде қазір доллармен несие берілмейді. Доллар несиеге сұраныс болмағаннан соң,халықтың доллардағы депозиті де айналымға шыға алмай жатыр. Банктер доллар түріндедепозитке салым қабылдайды. Ал оны ішкі нарықта айналымға салайын десе, долларнесиені ешкім алмайды. Сондықтан бұл арада құр доллар депозит аша берудің еш мәніжоқ. Бұл теңге үшін де, банктер үшін де жағымсыз тренд тудырады», – деді.

     Сондай-ақ кеше мұнай бағасының 34 долларғатөмендегенінен хабардар бола салысымен Алматы мен Нұр-Сұлтандағы валютаалыпсатарлары да бірден доллардың бағамын 400 долларға көтере қойды. Долларды Ұлттықбанк белгілеген бағамнан жоғары қойып сататын валюта айырбастау пункттері біздежетерлік.  Валюта тәуекелін әдейі қабылдауоларға тән құбылыс. Ресейде рубльдің төмендеуіне спекулянттар айрықша ықпалетіп отыр. Естеріңізде болса, 2014 жылдың ақпан айында теңге  құлдырап,бір доллардың құны 187 теңге болды. Сол кезде валюта алыпсатарлары айналымдағыдолларды көбейтіп жіберді де, Ұлттық банк оны сатып ала берді. Осыдан барыпдоллардың айналымдағы көлемі артып, теңге әлсіреп кетті.

     Қалай десек те, қазір теңгеге валютаалыпсатарларынан қысым көрсетіліп жатыр. Ірі валюта алыпсатарларынан теңгені қорғаукерек. ТМД елдерінде, шет мемлекеттерде отырып кәсіптерін дөңгелетіп отырғанвалюта алыпсатарлары біз үшін қауіпті. 1998 жылы АҚШ-та «қаралы бейсенбі» орыналды. Сол кезде АҚШ-тағы валюта алыпсатарлары биржадағы акциялардың құнын түсіріпжіберіп, АҚШ бір күнде 25 млрд доллар шығын шекті. Бұл – қазіргімен есептегенде– 320 млрд доллар. «Осыған байланысты бізге болашақта валюта алыпсатарларына қатыстызаңды күшейтіп, мемлекеттік бақылауды реттеп алу керек», – дейді сарапшы ДәуренАрын.

   Біздің ұлттық экономикамызға, ұлттықвалютамызға ішкі-сыртқы факторлардың кері әсер етіп тұрғаны белгілі. Бұл ретте Маминүкіметі «иллюзиядан» арылып, күнгейдің көлеңке тұстарын көруі керек. Осығанорай, нақты шешімдер қабылданып, экономикамызды тығырықтан шығара алатынсауатты топ-менеджерлер тобы қалыптасса дейміз.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз