Саясат

Назарбаев кетті, Назарбаева келе жатыр ма?

Ертең парламентте Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ өз өкілеттілігін сенат төрағасы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА өткізіп береді.

Назарбаев кетті, Назарбаева келе жатыр ма?
Заңға сәйкес кезекті президенттік сайлау 2020 жылы өтуі тиіс. Алайда wikipedia.org-да Қазақстан президентінің сайлауы 2019 жыл деп жарияланып тұр. Демек Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫ жыл соңына дейін президент қызметін атқарады. Дәл ертең босайтын сенат төрағасының орнына кім жайғаспақ? Төрағаның қос орынбасары Бектас БЕКНАЗАРОВ па, әлде Сергей ГРОМОВ па? Қайдам?Бүгін ғана сенатор болып тағайындалған Қайрат ҚОЖАМЖАРОВТЫҢ сенат төрағасы болуы ықтимал. Сарапшылар бұған дейін Қайрат ПЕРНЕШҰЛЫНЫҢ Кремльге онтайлы фигура екенін сан мәрте айтқан. Себебі, 54 жастағы саясаткер РФ-ның премьер-министрі Дмитрий МЕДВЕДЕВПЕН 1982-1987 жылдары Ленинград университетінің заң факультетінде бірге оқыған.Екінші кандидат – Дариға НАЗАРБАЕВА. Қуғындағы оппозициялық саясаткер Мұхтар ӘБЛЯЗОВ билікке Дариға НҰРСҰЛТАНҚЫЗЫНЫҢ келетінін болжаған болатын.Дариға Назарбаева 2016 жылдың 15 қыркүйегінен бері Парламенттің жоғарғы палатасының сенаторы. 2014 жылы мәжіліс төрағасының орынбасары, 2015 жылы Премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған.Фото: kaznews.kz    
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз