Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:53, 03 Қараша 2023

«Не жеңемін, не өлемін»: Қамауға алынған оппозиционер Жыланбаев аштық жариялады

св
Фото: из открытых источников

Жыланбаев дегеніне жеткенше нәр татпайтынын айтты

"Адамдар менің еш кінәм жоқ екенін көргенін және соттың ашық өткенін қалаймын. Сондай-ақ кеше мен аштық жарияладым. Дегеніме жеткенше нәр татпаймын. Не жеңемін, не өлемін", - деді ол.

Марафоншы Марат Жыланбаев "тыйым салынған ұйымның ісіне араласу" бабы бойынша күдікке ілініп, қамалған болатын.

Айта кетейік, 2 қараша күні өтетін соттың жабық түрде өткеніне келіспей, ол аузын тігіп тастаған болатын. Бұл ісі наразылық белгісі екендігін жеткізген. Ал тергеу изоляторының әкімшілігі оның аузындағы тігістерді күштеп алып тастаған.

Астана қаласының қылмыстық атқару жүйесі департаменті Марат Жыланбаевтың аузын тігіп тастағанын растады.

"1 қарашада сотталушы Марат Жыланбаев аузын жіппен тігіп, тамақтан бас тарту туралы арыз берген. Ол өз әрекетін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2 қарашаға белгіленген сот отырысынн жабық өткізу туралы шешімімен келіспейтіндігімен түсіндіреді. Оның мекеме әкімшілігінің қызметкерлеріне шағымы жоқ. Сол күні мекеме басшылығымен профилактикалық әңгіме жүргізілгеннен кейін сотталушы Марат Жыланбаев тігісін алып тастады" деп жазылған ҚАЖД хабарламасында.