17:39, 27 Желтоқсан 2023
"НеМолчи.kz" қорының негізін салушы Дина Смайыловаға іздеу жарияланды

Смайылованы іздеумен Өскемен қаласының полиция басқармасы айналысады.
Дина Смайылова кейінгі жылдары Қазақстаннан көшіп кеткен. Туған жерінде оның үстінен үш бірдей қылмыстық іс қозғалды және бәрі атқарып жүрген қызметімен байланысты. "Жалған ақпарат тарату" және "жеке бастың дербес құқығын бұзғаны" туралы істер бойынша Дина – қорғаушы құқына ие куәгер. Ал үшінші, "алаяқтық" туралы іс бойынша ол – күдікті.
6 желтоқсанда Таңсәрі бүркеншік атпен танымал қазақстандық белсенді Дина Смаиловаға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқаны белгілі болды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі – «Екі немесе одан да көп адамға жасалған алаяқтық» ісі бойынша жүргізілуде.