Саясат

«Нұр Отан ұсынған кандидат президент болады

Тоғызыншы маусым күні өтетін президенттік сайлаудың нәтижесін «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінен кейін-ақ білуге болады.

«Нұр Отан ұсынған кандидат президент болады

Билік партиясы ұсынған кандидат мемлекет басшысы болады. Бұндай пікірді «Жас АЛАШ» тілшісіне саясаттанушы Максим КАЗНАЧЕЕВ білдірді.

«Бұл саяси науқан да сценариймен өтеді. Әкімшілік ресурстар араласады. Сайлау қорытындысы алдын ала белгілі болары анық. «Нұр Отан» партиясы ұсынған кандидат мемлекет басшысы болады. Әрине ендігі президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ сияқты тоқсан пайыздың үстінде дауыс жинай алмайды. Шамамен 65-75 пайыз иеленеді», — деді «Жас АЛАШ» тілшісіне саясаттанушы.

Сондай-ақ, саясаттанушы Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫ саяси додаға түсуі мүмкін бе деген сұраққа да жауап берді.

«Қасым-Жомарт ТОҚАЕТЫҢ президенттік сайлауға түсуі ықтимал. Қазір Ақорда Ата заңды өздерінің қалауынша тәпсірлей береді ғой. Бұл сайлаудан кейін не өзгеруі мүмкін дейсіз бе? Билік жасарар және саяси элита арасындағы құпия интригалар бірінші планға шығады. БАҚ-тың бетіне шығады», — дейді Максим Казначеев.

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік арналардың эфирі арқылы президенттік сайлауды 9 маусымға белгілегенін жариялады. Бұл шешімді тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевпен ақылдасып қабылдағанын да айтқан еді.Фото: azattyq.org

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз