Нұр-Сұлтанда салынып жатқан үйдің қабырғасы құлады (видео)
Фейсбук қолданушысы Бек Арғын Нұр-Сұлтанда салынып жатып қабырғасы құлаған үйдің видеосын жариялады,- деп хабарлайды Жас Алаш «Салынып жатқан үйдің қабырғасы құлап түсті.
Ол жерде ешкім болған жоқ. Құрылыс алаңы қирап жатыр», — дейді куәгер.
Пост авторының айтуынша, оқиға №7 емхананың жанындағы «Жастар» тұрғын үй кешенінде болған.
Бұл бейнежазбаға қатысты құрылыс жүргізуші компания былай деп жауап берді:
«Техникалық зерттеуге сәйкес қабырғаның бұл бөлігі төтенше жағдай деп танылды. Жобаны түзету кезінде қабырға бөлігін бөлшектеу / орнату қарастырылған. Қазіргі уақытта жұмыс жобалық шешімдерге сәйкес жүргізілуде », — деп жазды« Elorda Krylys Company »ЖШС өкілдері.