Без Категории

Нұр-Сұлтанның жекеменшік балабақшалары дотациясыз қалғанына наразылығын білдірді

Мамырдың 11-іне Нұр-Сұлтан қаласындағы жекеменшік балабақша иелері әкімдік алдына жиналып, ақпан айында аяқталған тендер бойынша мемлекеттен бөлінген дотацияны алмағанына наразылығын білдірді.

Нұр-Сұлтанның жекеменшік балабақшалары дотациясыз қалғанына наразылығын білдірді

Олар дотациясыз қалған балабақшалар жабылып қала ма деп алаңдайды.

Жиналғандардың айтуларынша, тендер қорытындысы 7 ақпанда жарияланғанымен қалалық білім басқармасы келісімшарт жасауға асықпаған. Балабақша иелері хат жазып, әкімдікті келісімшарт жасауға шақырып жүргенде коронавирусқа байланысты карантин басталып кеткенін айтады.

— Басқарма басшысы орынбасары Гүлжан Айтжанова қол қойған ресми хат алдық. Онда мектепке дейінгі білім мекемелеріне 2020 жылы қаржы бөлінбейтіні жазылған. Бұл — тендерді жеңген 47 балабақша жабылады деген сөз,- дейді Жанель Шаймерденова.

Жекеменшік балабақша иелерінің сөзінше, мемлекет қаржыландырмаса ата-аналар балабақша ақысын жүз пайыз төлеуі тиіс болады, ал ол 50-100 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін. Дотация алған балабақшаларға 3 мыңға жуық сәби барады.

Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы бастығының орынбасары Гүлім Айтжанованың айтуынша, "келісімшарт қаржы жоқтықтан жасалмаған".

— Бюджет әлі анықталған жоқ. Шамамен маусым айында белгілі болады, содан соң келісімшарт жасаймыз,- деді Гүлжан Айтжанова.

Нұр-Сұлтан қаласындағы балабақша кезегінде 20 мыңнан астам сәби тұр. Қалалық білім басқармасы мәліметіне қарағанда мектепке дейінгі 377 мекемеге 55 мың 708 сәби барады.

AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз