15:15, 04 Шілде 2024
Нұрлан Ермекбаев ШЫҰ-ның бас хатшысы болып тағайындалды
Қазақстанның өкілі Нұрлан Ермекбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) 2025-2027 жылдарға арналған Бас хатшысы болып тағайындалды.
Ермекбаевты тағайындау туралы шешім бейсенбі күні Астанада өткен ШЫҰ саммитінде қабылданды.
Ол 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ШЫҰ Бас хатшысы қызметін атқарып келген Қытай өкілі Чжан Минді ауыстырып, ұйымды 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ротация бойынша басқарады.
Ермекбаев 2023 жылдың қаңтарынан бастап 2018 жылдың тамызына дейін Қорғаныс министрі, одан бұрын, 2018 жылдың сәуірінен бастап ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін атқарған.