Ойыл өзені тартылып барады, халық дабыл қағуда (видео)
Ойыл қайда, Жем қайда, Сағыз қайда… Атын әнге қосқан Ойыл өзені жойылып барады! Ақтөбе облысындағы өзен аттас тұтас бір ауданының тұрғындары осылай дабыл қағып отыр.
Мәселеге қазірден ден қоймаса, Ойылды жағалай орналасқан ел үдере көшпекші, деп хабарлайды «Жас Алаш» Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
«Мынау қырдың бәрін су алып жататын… қазір осындай болып үзіліп қалған. Жыланбас деген жері Ойылдың. Иісі сасып, балықтары қырылып жатыр...».
Ойылдың түбі ойылып, саязданып бара жатқанына елдегі жұрт алаңдаулы. Биыл да су жарытып тасымапты. Су болмаған соң, көк те шықпаған. Бұл әсіресе, малмен күнелтіп отырған ауылдықтарға оңай соқпай тұр.