Без Категории

Өкілдер палатасы АҚШ-тағы ең төменгі айлық мөлшерін екі есе өсірмек

АҚШ конгрессінің өкілдер палатасы елдегі сағатына төленетін ең төменгі айлықты екі есеге көтеру туралы заң жобасын мақұлдады.

Өкілдер палатасы АҚШ-тағы ең төменгі айлық мөлшерін екі есе өсірмек

Бейсенбі, 18 шілдедегі отырысында қаралған бұл құжатта елдегі бір сағаттық минималды ақы 15 доллар болсын деп көрсетілген.

Заң жобасында еңбекақының көбеюі бірте-бірте 2025 жылға дейін жүзеге асырылатыны жазылған. Қазіргі күні федералды деңгейде жұмысшылар бір сағатына 7 доллар 25 цент алады. Кей штаттар өздерінің минимум мөлшерін енгізген, оларда бір сағатына сәл көп ақша төлейді.

Ал Калифорния мен Нью-Йорк кіретін сегіз штатта бір сағаттық еңбекақы 15 доллар екені көрсетілген заң қабылданып та қойылған.

АҚШ-та 1938 жылы федералды деңгейдегі ең төменгі еңбекақы 25 цент болып бекітілген. Инфляцияны ескергенде бұл мөлшер қазіргі 4 доллар 45 центке тең. Кейін еңбекақы біртіндеп көтеріле бастады. Статистикаға сәйкес, еңбек ақысын сағатпен саналатын америкалықтардың үш пайыздан азы минималды мөлшермен айлық алады.

AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз