Қоғам

Оқуға түсіремін деп ақша алған: Астанада 18 талапкерді алдап кеткен ЖОО қызметкері сотталды

Астанада жоғары оқу орны қызметкеріне қатысты алаяқтық ісі бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы қалалық прокуратура мәлімдеді.

Сот

Тергеу мәліметінше, оқу орнының қызметкері 18 талапкерді алдап, заңсыз қабылдау схемасын ұйымдастырған. Ол жалған мөрлер мен құжаттарды пайдаланып, талапкерлерді белгіленген тәртіптен тыс оқуға түсіруге уәде берген.

Қызметі үшін әрбір адамнан 600 мыңнан 900 мың теңгеге дейін ақша алған.

Прокуратураның хабарлауынша, сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының қызметтік жағдайын пайдаланып, бірнеше рет алаяқтық жасағанын, сондай-ақ жалған ресми құжаттар мен мөрлер дайындап, қолданғанын толық дәлелдеді.

Сот үкімімен ер адам 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды. Сонымен қатар одан келтірілген материалдық шығын өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Тегтер: алаяқтық ЖОО
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз