Экономика

Олжас Төлеуов ҚР Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды

Экономист Олжас Төлеуов ҚР Ұлттық банкі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды.

Олжас Төлеуов ҚР Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды

 

Олжас Төлеуов ақша-несие саясатына, макроэкономикаға, экономикалық-математикалық модельдеуге байланысты және т.б мәселелер бойынша шешім қабылдауға ат салысады.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары экономика және бизнес мектебін бітірген. сонымен қатар Ұлттық банктің магистр дәрежесіне ие.

Ол жылдар бойына AERC ғылыми-кеңес беру компаниясында жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде ол бизнес-талдаушы қызметінен басқарушы директор лауазымына дейін көтерілді, стратегиялық мемлекеттік және квазимемлекеттік жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуге қатысты. 3 жыл бойы ол Ұлттық банктің зерттеу және статистика департаментінде жұмыс істеді, онда инфляцияны таргеттеу, экономикалық модельдеу және ғылыми-қолданбалы зерттеулермен айналысты.

Жаңа тағайындауға дейін ол ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Еңбек ресурстарын дамыту орталығының вице-президенті болып жұмыс істеді және ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингілеу орталығының мүшесі болып табылады.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз