Әлеумет

Оңтүстік Кореяда жүргізушілерге қоқан-лоқы көрсеткен қазақстандық ұсталды

Оңтүстік Кореяда 21 жастағы Қазақстан азаматы басқа көлікті қуып жетіп, ішіндегі адамдарға қоқан-лоқы көрсеткені үшін ұсталды.

1

Кореялық БАҚ мәліметінше, ол 25 жастағы отандасымен бірге өзге көліктің жолын бөгеген.

Оқиға 29 шілдеде болған. Алайда күдікті 16 қазанда Ансон қаласында ұсталып, 18 қазанда сот оны қамауға алуға санкция берген.

Қазақстандық өз кінәсін мойындап, көлікті басқа адамдікімен шатастырып алғанын айтты.

Ал оның 25 жастағы сыбайласы бұған дейін көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Оңтүстік Кореядан мәжбүрлі түрде шығарылған.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оқиғадан хабардар екенін және ұсталған азаматқа консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.

"Отандасымызға бірқатар құқық бұзушылық, соның ішінде бөтеннің мүлкін бүлдіру, көші-қон режимін сақтамау және автокөлікті пайдалану қағидаларын бұзу бойынша айып тағылып отыр", – делінген СІМ хабарламасында.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз