Аймақ

Өңірлік кадр резервіне іріктеуді өткізу мерзімдері өзгертілді

Бірқатар өңірде табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимінің жариялануына және қатысушылар үшін туындайтын қиындықтарға байланысты Өңірлік кадр резервіне іріктеудің келесі кезеңдерін өткізу мерзімдері өзгертілді. Бұл туралы Астана әкімдігі хабарлады.

1

Мысалы, заңнаманы білуге тестілеуді 14, 21 және 28 сәуірде, құзыреттерді бағалауды - 5 мамырда өткізеді. Құрылымдық сұхбат 12 шілдеге, ал аймақтық кадрлар комиссиясының отырысы 16 шілдеге ауыстырылды.

Айта кетейік, Астанада өңірлік кадр резервіне кандидаттарды іріктеу үшін құжаттар 1-31 наурыз аралығында құжаттар қабылдаған болатын.

Кадрлық резерв бойынша Елордада 18 кандидат республикалық кадр резервіне алынды. Қазіргі күнде Республикалық кадр резервіне енгізілген кандидаттарды орта білім беру ұйымдарының бірінші басшыларының бос лауазымдарына тағайындау мәселесі қаралуда.

Сондай-ақ, білім беру ұйымдарының басшылары болып үш үміткер тағайындалды.

Президенттік жастар кадрлық резерві дегеніміз – Мемлекет басшысының дарынды жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне тарту жөніндегі бастамасы. Резервке іріктеу жоғары кәсіби және моральдық қасиеттер негізінде ғана мансаптық өсуге мүмкіндік береді. 2019 жылдан бері 270 резервші мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордағы түрлі лауазымдарға тағайындалды. Бұл ретте 33 резервші саяси лауазымдарда, 5-і «А» корпусында әкімшілік лауазымдарда жұмыс істейді.

Кадрлық резерв іріктеуіне қалай қатысу үшін 35 жастан асқан, жоғары білімі және кемінде үш жыл жұмыс өтілі болу қажет. 2023 жылы Қазақстанда президенттік кадрлық резервке іріктеу ережесі өзгерді.

Т. РАУШАНҰЛЫ
Т. РАУШАНҰЛЫ Т. РАУШАНҰЛЫ

Оқыңыз