Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:25, 08 Қараша 2024

Орал қалалық соттың төрағасы қамауға алынды

сот
Фото: из открытых источников

5 қазанда Орал қалалық сотының төрағасы Руслан Жұмағұловтың қамауға алынғаны белгілі болды.

Руслан Жұмағұловты қамауға алуға санкция беру туралы өтініш Астана сотында қаралды. Елордалық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, 2024 жылғы 6 қарашада Руслан Жұмағұловқа қатысты 10 тәулікке қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініші түскен.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен күдікті Жұмағұлов қамауға алынды. Бұл туралы "Мой город" басылымы хабарлады. 

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланған жоқ.

Руслан Жұмағұлов төраға болып 2019 жылдың 31 желтоқсанында тағайындалған.

Тегтер: