Қоғам

Оралда екі жасөспірім көшеде тұрған көлікті айдап кетіп, полициядан қашқан

Орал қаласында полиция қызметкерлері бірнеше сағаттың ішінде ұрланған автокөлікті тауып, оны заңсыз айдап кеткен күдіктілерді ұстады.

Орал

Полицияның мәліметінше, 29 маусым күні таңертең қала тұрғыны өзінің Lada Priora автокөлігін Есенжанов көшесіндегі ғимараттардың бірінің маңына қалдырған жерінен таппай, «102» арнасына хабарласқан. Хабарлама түскеннен кейін көлікке бағдар барлық патрульдік полиция экипаждарына жіберілді. 

Патрульдеу барысында күдіктілер полициядан қашуға әрекеттенгенімен, көп ұзамай қолға түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, көлікті заңсыз айдап кеткендер – 2008 және 2007 жылы туған Орал қаласының тұрғындары.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жасөспірімдер көлікті ұрлау емес, тек қыдыру үшін айдап кеткен. Тергеу жалғасуда.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз