Оқиғалар

Оралда есірткі таратқан шетелдік азамат 6 жылға сотталды

Батыс Қазақстан облысында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде 33 жастағы шетел азаматын ұстады.

полиция

Ол есірткі заттарын жасырын орындарға қойып жүрген жерінен қолға түскен.

Ер адамды тінту барысында ұнтақ тәрізді, өзіне тән иісі бар 12 бума және екі ұялы телефон тәркіленді. Бұдан бөлек, оқиға орнын тексеру кезінде дәл сондай зат салынған тағы 13 бума табылған.

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің есірткі таратумен айналысқан интернет-дүкенде курьер болып жұмыс істегені анықталды. Сараптама қорытындысы тәркіленген заттың синтетикалық есірткі екенін растаған.

Қылмыстық істі қараған сот ер адамды кінәлі деп танып, оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Полиция азаматтарды интернет пен мессенджерлер арқылы ұсынылатын, есірткі таратуға байланысты жұмысқа келіспеуге шақырады. Қазақстан заңнамасында есірткіні заңсыз айналымға енгізгені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған және мұндай қылмыс ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына әкелуі мүмкін.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз