Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:15, 08 Шілде 2024

Орбан: Қытай — Украина мен Ресей арасындағы бейбітшілікке жағдай жасайтын негізгі держава

Е
Фото: © AFP / SZILARD KOSZTICSAK
Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Қытайды Украина мен Ресей арасында бейбіт келіссөздер жүргізетін негізгі ел деп атады.

Қытай - Ресей мен Украина арасындағы соғыста бейбітшілік үшін жағдай жасаудағы негізгі держава. Сондықтан мен Қытай президенті Си Цзиньпинмен Будапештке ресми сапарынан екі ай өткен соң Бейжіңге кездесуге келдім, - деп жазды Венгрия премьер-министрі twitter желісінде.

Дүйсенбі күні таңертең Орбан күтпеген сапармен Бейжіңге ұшып кетті. Өткен аптада ол Киев пен Мәскеуде болып, президенттер Владимир Зеленский және Владимир Путинмен келіссөздер жүргізді.

BBC мәліметінше, Орбан Зеленскийге бейбіт келіссөздер алдында атысты тоқтату туралы мәселені қарастыруды ұсынды. Кездесуден кейін Украина президенті Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында Венгрия премьер-министрінің ұсынысы Киев үшін қабылданбайтынын мәлімдеді. Өйткені Мәскеу келісімдерді орындайды деп үміттенуге негіз жоқ екенін айтқан.

Синьхуа агенттігі Венгрия премьер-министрі мен Қытай басшысы арасындағы келіссөздер туралы бір қатарда: «Си Цзиньпин Бейжіңде Венгрия премьер-министрімен кездесті» деп жазды.