Оқиғалар

Өргебас тұрғындары: Ақша бөлсе өзіміз саламыз (видео)

Мақтаарал ауданындағы Өргебас ауылының тұрғындары үкіметтен тасқын құлатқанүй, су шайған егістік пен қырылған малға өтемақы сұрайды.

Өргебас тұрғындары: Ақша бөлсе өзіміз саламыз (видео)

Жергілікті билік«комиссия шығын көлемін анықтап» жатқанын айтады.

«ТЕЛЕДИДАРЫМЫЗДЫ ҒАНА АЛЫП ШЫҚТЫҚ»

Өргебас ауылының тұрғыны Мәулет Торғауытов отбасымен тоғыз пәтерлі екіқабатты ескі үйдің бір пәтерінде тұрып келген. Үйін тасқын су алғаннан кейінәйелі, екі баласымен бірге Асықата кентіндегі эвакуациялық пунктке орналасқан.

Тасқынның беті қайтқан соң тазалық жұмыстары жүріп жатқан Өргебес ауылынакеліп, үйі мен дүние-мүлкінің жағдайын көрген Мәулеттің жүзі тұнжырап, қабағытүсіп кеткен. Ол әуелі аулада тұрған ескі көлігіне келді. Есіктерін ашып, ішінқарап шықты.

Өргебас ауылының тасқыннан кейінгі ахуалы

Мәулеттің айтуынша, осы ескі көлікпен адам тасып, отбасын асыраған. Жарылған дөңгелегін ауыстырмақшы болып жүрген. Тұтқиылдан келген топан судан ауыл халқымен бірге бассауғалап қашқан кезде көлігі ауласында қалып қойған. Мәуліттің үйінің алдына салған сарайы да қазір үйіндіге айналған. Үйінді астынан лайға батқан киімдер мен балалардың ойыншығы көрінеді.

Резеңке етік киген тұрғынмен бірге үйге кірдік. Босағадан енген бетте зәктің иісі шығады. Оң жақ бетте ескі пеш тұр. Аяқ астында қалған кілемдер мен көрпе-төсек көгеріп жатыр. «Теледидарымызды ғана алып шықтық, қалғаны осында» дейді Мәулет үй жиһаздары мен тұрмыстық техникасын көрсетіп тұрып.

— Пәтерді сатып алғанымызбен құжаты жоқ. Жиһаздарды жақында несиеге алған едік. Міне, көріп тұрсыз, барлық зат бүлінген. Бұған ешкім өтемақы төлемейді, — дейді ол тұнжырап.

Өзбекстандағы Сардоба су қоймасы жарылғаннан кейін жолындағыны жайпап аққантасқын су Өргебас ауылына мамырдың 2-і таңға жуық жетті. Тұрғындар апыл-ғұпылжиналып, кейбіреуі құжатын ғана алып, ал кейбірінің оған да шамасы келмей,барлығы үй-мүлкін тастай қашқан еді. Таңертеңінде ауыл түгелдей су астындақалды. Қазір Өргебас тұрғындарының бір бөлігі туыстарын паналап жүр, бір бөлігіАтакент кентіндегі №119 мектепте ашылған эвакуация орталығында тұрып жатыр.

ҚҰЛАҒАН ҮЙ, БОРСЫҒАН СУ

Арадан екі аптаға жуық уақыт өтсе де, ондаған тұрғын су шайып кеткенӨргебас ауылының сыртында тасқыннан құлаған үйлерін, бүлінген заттарын күзетіпжүр. Ауылға кіреберіс көшеде тұрған полиция мен әскерилер тек құтқарушылар мензаттарын алуға, көруге келген кей тұрғындарды ғана ішке кіргізеді.

Тасқыннан кейін ауыл көшелерінде, аулаларда сумен ағып келген бала арбасымен ойыншық жиі көзге шалынады. Кезінде балалардың ойын-күлкісіне көмілгенауыл, аулаларды үрей туғызатын өлі тыныштық басқан. Өсіп тұрған ағаштар менашылған гүлдердің реңі кеткен.

Тұтқиылдан тасқын жеткен алғашқы күні Өргебас ауылында су деңгейі екіметрге дейін көтерілген. Соған қарамастан үйінде қалған құжатын алуға барғанкей тұрғындар ауыл ішіне қайыққа мініп кірген еді. Қазір су деңгейі түскен, екікөше кебе бастаған. Әйткенмен аулалардың көбінде тобықтан келетін су әлі жатыр,төңіректің бәрі лай, балшыққа айналған.

Егіндіктерде су тартылмаған, толы. Ауыл ішіне су өткізбеу үшін сай-сайғақұм салынған қаптардан бөгет орнатылған, құтқарушылар мен әскерилер арнайытехникамен жүр. Борсыған су иісі қолқаны қабады. Асфальт төселмеген кей көшелерде суға толған. Ондағы шіри бастаған мал өлексесінен де төңірекке мұрындыбітейтін жаман иіс тарап жатыр.

Құтқарушылар үйлердің ауласындағы суды жол жиегіндегі бос жер мен арықтарғасутартқышпен сорып ағызып, әскерилер қолына күрек алып, аулаларға су өткізбесүшін бөгет қойып жатыр. Кейбірі борсып, көгерген, түбі қарайып көрінетін суғатолы шұңқырға арнайы киім киіп түсіп, жұмыс істеп жүр.

Көрші ауыл, аудандардан келген адамдар көлікпен әкелген ас-судықұтқарушылар мен әскерилерге таратып жүр.

Өргебас ауылында құламаған, қабырғасы сөгілмеген үй кемде кем. Көбіортасынан опырылып, ағашы мен шатыры үйіндіге айналған. Ал сырт көзге бүтінтәрізді көрінетін үйлерді тасқын кезінде ортан беліне дейін су алғаныбайқалады. Терезесіне дейін дым тартқан үйлер түртіп қалса опырылып түсетіндей.

Өргебас ауылын басқан су деңгейі екі метрге дейін көтерілген. Мақтааралауданы, 12 мамыр 2020 жыл.

Қабырғасы сөгіліп, құлаған үйлердің астынан үй бұйымдары мен ыдыс-аяқ,киім-кешек көрінеді. Бәрі бүлінген, су, лай, балшыққа батқан. Ондаған үйдіңауласында қалған жеңіл көліктер, тракторлар мен тіркемелер сол күйі тұр.

Құрғаған көшелерде тірі қалған күркетауықтар, есектер көзге шалынады, кеймаңда жылан жорғалап жүр. Ортасынан опырылып түскен кей үйлердің маңынан үргениттің дауысы естіледі.

«ЖҰРТТАН ҒАНА КӨМЕК КЕЛІП ЖАТЫР»

Су астында қалған дүние-мүлкін ауылдың сыртынан қорып жүрген тұрғындардыкөп сұрақ мазалайды. Олар баспана мәселесі қалай шешілетінін, тасқынталқандаған егістік пен қырылған малға қанша өтемақы төленетінін білгісікеледі.

— Мысалы, биыл мақтаны да, қауынды да ерте ектім. Тізіліп шығып қалып еді.Суды, топырақты сараптамадан өткіземіз дейді. Нақты қанша өтемақы берілетінінайтқан жоқ. Жерді жырту, сорын шаю, дәнін сатып алып, егу – бәрі шығын. Мұныешкім есептеп жатқан жоқ, — дейді Өргебас ауылының тұрғыны Әбдісамат Аманбаев.

Өргебас ауылының тұрғыны Әбдісамат Аманбаевтың айтуынша, халық биліктентасқын құлатып кеткен үйдің өтемақысын ақшалай беруді сұраған. Жергілікті әкімдікұсынысты ауызша мақұлдағанымен, үкіметтен әлі нақты жауап жоқ деп ренжиді ол.

Бұл бір түнде баспанасынан, жыл бойы азық болатын егістігі мен мал-мүлкіненайырылып, бала-шағасымен далада қалған жұртты қатты алаңдатады.

— Зардап шеккен тұрғындарға ел ғана көмек беріп жатыр. Соған ғана разымыз.Үкімет бізге тамақ бермей-ақ қойсын. Құжаттарымызды рәсімдеп, үйіміздің жайы неболатынын, егіндік пен суға кеткен малымызға қанша өтемақы берілетінін ертерекнақтыласын, — дейді Әбдісамат Аманбаев.

Өргебас ауылы маңында тұрғындарға азық-түлік таратып жатыр. Мақтааралауданы, 12 мамыр 2020 жыл.

Өргебас тұрғыны Омар Әбдірахмановты да үй мәселесі мазалайды. Оның сөзінше,әкімдік ауылда 199 үйді су алды деп жазып алған. Сарайды, монша мен қораныесептемегенде, бір аулада екі үй салынса, бірі есепке алынбай қалып қойған.Ауыл ортасындағы екі қабатты үйде тоғыз отбасы тұрады. Олардың тағдыры қалайболары да белгісіз.

— Ауылды он күннен бері тазалап үлгере алмай жатыр. Бәріміз жарамсыз болыпқалған үйімізді өзіміз саламыз, өтемақы ретінде әр үйге 17 миллион теңгеберілсін деп талап еттік. Әлі жауап жоқ, — дейді ол.

«СУДА ҚАЛҒАН КӨЛІККЕ ӨТЕМАҚЫ БЕРІЛМЕЙДІ»

Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков тұрғындардың"үй, егіндік, малдың өтемақысы қанша болатыны белгісіз" деген сөзінрастайды. Арнайы құрылған комиссия "өз ауылымызда қаламыз" деп талапқойған Фердауси мен Өргебас ауылдарында қанша үй суға кеткенін, қаншасы жарамдыя жарамсыз екенін анықтау үшін жұмыс істеп жатыр, егіндік пен мал шығыны есептеледідейді шенеунік.

— Өргебас ауылында — 199 үй, Фердауси ауылында — 300 үй суға кеткен. Жеңіс,Жаңатұрмыс, Достық ауылдарының тұрғындары үшін салынып жатқан жаңа үйлердіңәрбірінің жобалық-сметалық құны 17 миллион теңге. Үкімет үйдің өтемақысынақшалай береміз деп шешсе, мөлшері осы сомадан аспайды. Ал үй ауласындағы қора,сарай сияқты қосалқы құрылыстарға өтемақы берілмейді. Бір аулада екі үй салып,біреуі рәсімделмеген болса, екінші үйге өтемақы беру мәселесін комиссия шешеді, — дейді әкім орынбасары.

Төребековтың сөзінше, "үйдің өтемақысы ақшалай берілсін" дегентұрғындардың талабы үкіметке жеткізілген. «Ол — күрделі мәселе. Өйткені,апат табиғи емес, техногенді сипатта. Ол үшін заңға өзгеріс енгізілуі керек. Алсу астында қалған тұрмыстық заттар, автокөліктер мен басқа да техникаға өтемақыберілмейді» дейді билік өкілі. Егіндігін су шайып, табысынан айырылғантұрғындарға бір жыл бойы көмек беру мәселесі де көтерілген. Бірақ әзірге оғанда жауап жоқ.

Азаттық радиосы 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз