Қоғам

Ормуз бұғазындағы қауіп мұнай бағасының өсуіне әсер етті

Әлемдік нарықта мұнай бағасы Ормуз бұғазындағы кеме қатынасына төнген жаңа қауіп-қатерге байланысты қайта өсе бастады.

Ормуз

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, бұғаз маңында екі кеме шабуылға ұшыраған. Алдын ала ақпарат бойынша, шабуылдарға Иран тарапынан қатысы болуы мүмкін деген болжам айтылып отыр. Бұл жағдай әлемдегі мұнай тасымалының маңызды бағыттарының бірінің қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылықты күшейтті.

Осы оқиғалардың әсерінен Brent маркалы мұнайдың бағасы бір баррель үшін шамамен 73 долларға, ал америкалық WTI маркалы мұнай 69,5 долларға дейін қымбаттады.

Сонымен қатар сарапшылар мұнай бағасының одан әрі күрт өсуіне әлемдік ұсыныстың артуы кедергі келтіруі мүмкін екенін айтады. Маусым айында Біріккен Араб Әмірліктері мұнай өндірісін рекордтық деңгейге жуық көлемге жеткізсе, тамыз айынан бастап ОПЕК+ елдері де мұнай өндіру көлемін ұлғайтуға келіскен.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз