Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:31, 09 Ақпан 2024

Орташа жалақы 600 мың: ең бай қазақстандықтар қайда тұрады?

жалақы
Фото: из открытых источников

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда 2023 жылдың төртінші тоқсанында орташа атаулы жалақы 400 мың теңгеге жуықтаған. Қазақстанның қай өңірінде жалақы мөлшері жоғары, бұл туралы Zhasalash.kz жазды.  

Статистикалық деректерге сүйенсек, елімізде ең жоғары жалақы Атырау облысының тұрғындарына тиесілі. Өңірде орташа табыс 600 мың теңгеге жуықтаған.

Қазақстан Республикасы бойынша атаулы жалақының орташа мәні 2023 жылғы IV тоқсанда 393 605 теңге болған.

"2022 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 16,2 пайызға, нақты мәнде – 5,3 пайызға өсті. Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2023 жылғы IV тоқсанда бағалау бойынша 259 463 теңге болды. 4-тоқсанда орташа жалақы мөлшерінің өсуі жыл қорытындысы бойынша қосымша төлемдер мен мерекелік сыйақылар есебінен еңбекақы қорының ұлғаюымен байланысты", - делінген хабарламада.

2022 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі қаржы және сақтандыру қызметі – 29,7 пайыз, ақпарат және байланыс – 23,2 пайыз, өнер, ойын-сауық және демалыс – 20,8 пайыз, салаларында байқалды. Білім беруде орташа айлық жалақының өсуі 18,6 пайыз, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде – 18,2 пайыз.